Есіл аудандық сотында 2017 жылдың 1 жартыжылдығына соттың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Есіл аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 1 жартыжылдығына  сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.

Брифингте сот төрағасы Қазбек Әбішев cот жұмысының қортындысын айтып өтті. 2017 жылдың 1 жартыжылдығында Есіл аудандық сотымен 361 азаматтық іс қаралды. Оның ішінде 242 азаматтық іс шешім шығарумен қаралып, 65 азаматтық іс оңайлатылған тәртіпте, 55 іс сот бұйрығын шығарумен, 15 азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды.

Сотпен 58 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 2 іс медиация тәртібімен қаралды.

Тергеу судьямен 75 өтінішхат қаралды.

226 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде 208 азаматқа қатысты келесі әкімшілік жазалар тағайындалды: 53 азаматқа әкімшілік айыппұл, 90 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, 59 азамат арнайы көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды, 3 азамат Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкімшілік жолмен шығарылып жіберілді.

Брифингте соттың кеңсе меңгерушісі Дархан Үкібаев  2017 жылдың 1 жартыжылдығында сотқа «Сот кабинеті» сервисі арқылы 385 электронды талап қою арыздар мен 234 әкімшілік іс  түскені туралы атап өтті.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі