Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 35 шетел азаматы кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 5 айында Ерейментау аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясы, Германия, Украина және Өзбекстанның 35 азаматына  қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 35 шетел азаматы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабы бойынша («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 6 азаматқа әкімшілік айыппұл, 28 азаматқа қамаққа алу түрінде әкімшілік жазалар тағайындалды. Бір азамат  Қазақстан Республикасының шегінен шығарылып жіберілді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі