Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзген үшін сот қаулысымен әкімшілік айыппұл тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзген үшін 1998 жылы туған  Көкшетау қаласының колледж студентіне қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот анықтағандай, колледж студенті 2000 жылы туған азаматаша К-ның кәмелетке толмаған жасын біле тұра, дәмханада спирттік ішімдікті ішуге ұсыныс жасап, масаң күйге дейiн жеткiзген.
Сот қаулысымен колледж студенті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 131-бабында («Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу») көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл түрінде жазасы тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі