Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкімшілік заңнама нормаларын қолдануда туындайтын мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар, прокуратура өкілдері, Ақмола облысының ішкі істер органдары жеке құрамының басшылығы мен қызметкерлері, ювеналды секторының жетекшісі «Кейбір әкімшілік заңнама нормаларын қолдануында туындайтын мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.    

«Дөңгелек үстелде» сот төрайымы Айсұлу Жұматова ювеналды жүйесінің бірыңғай тізбегімен өзара әрекеттесе отырып, жұмыстағы бар кемшіліктерді жою және бірыңғай ювеналды тәжірибені қалпына келтіру қажеттілігін атап өтті.

Судья Бақытжан Жарылғасов өзінің баяндамасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құру барысында  жинақталған материалдарға олардың бұзушылықтарын шешу бойынша ұсыныстар енгізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, Ақмола облысы прокуратура басқармасының аға прокуроры Қарлығаш Естаупова және Ақмола облысының Ішкі Істер Департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Мусаев сөз сөйледі.

Талқылау нәтижелері бойынша іс-шараға қатысушылар кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдары әзірленді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі