Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік органдардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокуратура өкілдерінің, ішкі істер органының қызметкерлері, әділет, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысуымен "Сот актілерін орындау және атқару өндірісін негізсіз қайтару, қабылдаудан бас тарту, сонымен қатар, әділет органы және сот орындаушысы арасында сотпен өзара іс-қимыл" тақырыбында  ведомствоаралық «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрайымы Айсулу  Жұматова «дөңгелек үстелде» сөз сөйлей отырып, сот төрелігі - бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтіруге арналған, сот актілерінің орындалуы логикалық тұрғыдан аяқталуы керек және сот орындаушылардың тарапынан сот актілерін орындау барысында, сот актілерінің орындалуымен байланысты борышкерлерден қаржыны өндіріп алу, заттай айғақтардың болашағы туралы анықталған бұзушылықтарды атап көрсетті.

Талқылау нәтижесі бойынша атқарушылық өндіріс саласында заңнаманың бұзылуын бақылауды тиімді жүргізу үшін, ведомствоаралық сәйкестендіруді жүйелі түрде жүргізудің мемлекеттік органдардың одан әрі өзара іс-қимылы бойынша тәжірибесін енгізуге ұсыныстар әзірленді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі