Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен медиаторлар медиацияны қолдану бойынша жұмысты жетілдіру мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ювеналды соттың соттылығына жататын істерді қарау барысында медиация рәсімін қолдану бойынша жұмысты жетілдіру» тақырыбында кәсіби медиаторлар, Көкшетау қаласының және аудандық қорғаншы және қамқоршы органдары өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылары судьялар мен медиаторлардың өзара әрекеттесудің әдістері мен медиацияны қолдану кезінде туындайтын мәселелерді талқылады.

Талқылау барысында судьялар мен медиаторлар қылмыстық істерді қарау кезінде қатысатындығы және қажет болған жағдайда медиацияны қолдануға келісті. Сонымен қатар, медиаторларға кәмелетке толмағандармен байланысты істерді қараудың ерекшеліктері туралы түсіндірілді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі