Көкшетау қалалық сотында айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкшетау қалалық сотында айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау мәселелерін талқылау бойынша Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелде» әділет органдары мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына электронды атқару құжаттарын жолдау және тіркеу барысында туындайтын мәселелері талқыланды.

Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшыларына, егер сот актілерін мемлекеттік органдары және сотталғандардың   ұзақ уақытта орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдай болса, жазаны орындаудан жалтарғаны үшін   айыппұл түріндегі жазаны аса ауыр жазаға ауыстыру ұсынысымен  соттарға жүгіну бойынша шара қолдану қажеттілігі айтылды.

    

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі