Көкшетау қалалық сотында «Мемлекеттік органдарының өзара іс-әрекетімен отбасылық құндылықтарын насихаттау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкшетау қалалық сотында Ақмола облысының Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Д.Қойшина, Ақмола облысының Іскер әйелдер қауымдастығының дағдарыс-орталығының басшысы Ә.Базарбаева, «Көкшетау қаласының азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі» ММ-нің басшысы М.Қабдушева, құқық қорғау, әділет қызметкерлері, отставкадағы судьялар, медиаторлар және психолгтардың қатысуымен «Мемлекеттік органдарының өзара іс-әрекетімен отбасылық құндылықтарын насихаттау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар Ақмола облысының дағдарыстағы отбасыларды ақпараттандыруды жетілдіруде бірлескен өзара іс-қимыл шараларын әзірлеу, некенің бұзылуын алдын-алу мақсатында, тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасылық құндылықтарын насихаттау, отбасыны жоспарлау бойынша кеңес беруде көмекті ұйымдастыру, отбасы дауларын шешу бойынша мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауда туындайтын бірқатар сұрақтар мен ескертулер талқыланды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі