Қорғалжын аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қорғалжын аудандық сотының төрағасы Халима Кембаева аудан тұрғындары үшін «Ашық есік күнін» өткізді.

«Ашық есік күні» аудандық сотқа жеке меншік құқығын тану туралы сұрақтары бойынша азаматтар жүгінді. Барлық сұрақтар мен өтініштер сотқа жүгіну үшін қажетті құжаттарды жинау мен талап-арыздың мәтінін құрастырумен байланысты болды. Аудандық сотқа келген әрбір  келуші мен жүгінушіге сот төрағасы оларды қызықтырған сұрақтарға түсініктеме берді.

Соттардың ашықтығы мен қолжетімділігін қаматамасыз ету мақсатында, Қорғалжын аудандық соты азаматтар үшін ай сайын «Ашық есік күнін» өткізеді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі