Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақмола облыстық сотының судьясы А.Құлмағамбетовтың қатысуымен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті.

Кеңесте сот төрелігін іске асыру сапасы, істерді қарау мерзімдері, сараптама тағайындау және сотқа дәлелсіз себептермен келмеген азаматтарды жауапкершілікке тарту мәселелері талқыланды.

Сот төрағасы Бауыржан Баймырзин сотпен 36 қылмыстық істер қаралып, оның ішінде 2 қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралғанын және 10 жекеше қаулылар шығарылғанын атап өтті.

Кеңес барысында сот актілерін орындау, сот мұрағатының жұмысы және сот отырыстары хатшыларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі