Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдері үшін брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  БАҚ-пен өзара іс-қимыл тақырыбында журналистердің қатысуымен брифинг өтті.

Сот төрағасы Бауыржан Баймырзиннің айтуынша, сөз бостандығы және бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы адам құқықтарының негізгісі болып табылады және адам құқықтарын қамтамасыз ету қоғамның демократиялық дамуының маңызды атрибуты болып саналады. Азаматтар ақпаратқа еркін қол жеткізіп, онымен еркін алмасуға, қарама-қарсы көзқарастар мен пайымдауларды  талқылай алатындығы жөнінде атап өтті.

Сот төрағасы 2017 жылдың 5 айының жұмыс қорытындысы және қоғамда резонанс тудырған істер туралы айтып өтті.

Сот төрағасы брифингті қорытындылай келе, БАҚ және сот билігі арасындағы шынайы ақпарат қоғамға үлкен пайда әкелетіні туралы атап өтті.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі