Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот ісін жүргізу мерзімдерін есептеу» және «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыру» тақырыптарымен семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот мамандары  «Сот ісін жүргізу мерзімдерін есептеу. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыру» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Судья Ғалым Қайшыбеков сот ісін жүргізу мерзімдерін сақтау туралы баяндама оқыды. Сот кеңсесінің бас маманы Нұрбек Ержанов «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыру» тақырыбында сөз сөйледі.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында азаматтарға сот жүйесін жеңілдету мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану іске асырылды. Қазақстан Республикасы сот жүйесінің жетілдірілген интернет-ресурстары, сот процесінің қатысушыларына SMS хабарлама және электрондық пошта хабарлау жүйесі арқылы жіберу, «Сот құжаттарымен танысу» сервисі,  «Сот істерін қарау кестесі» сервисі, «Сот кабинеті» сервисі, «Судебная повестка» сервисі, сот органдарының 1401 бірыңғай номерімен call-орталығы іске асырылды.

Сот жүйесі үшін бұл – сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, оңтайландыру және автоматтандыру, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды дамыту, бюджеттік қаражатты үнемдеу.

Семинарға қатысушылар ақпараттық технологияларды қолдану және дамыту сұрақтарын талқылап, пікір алмасты.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі