Сандықтау аудандық сотында сот актілерін уақытылы орындау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сандықтау аудандық сотының төрағасы Азамат Аймұхамедов  сот актілерінің уақытылы орындалу мәселелерін талқылау бойынша прокуратура өкілдері мен сот орындаушылардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстелде» мүлікті тәркілеу бөлігіндегі сот актілерін орындау, айыппұлды өндіру, мүліктік дәлелдемелерді мемлекет кірісіне өндіру мәселелері талқыланды.

Сот төрағасы А.Аймұхамедов сот актілерінің орындалуы сот жұмысын қорытындылайтын сатысы болып табылатындығы туралы атап өтіп, осыған байланысты «дөңгелек үстелге» қатысушыларға аталған бағыт бойынша жұмысты арттыруды ұсынды.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар сот актілерінің орындалмау мәселелерін талқылау бойынша тоқсан сайынғы бірлескен кеңес өткізу туралы шешім қабылдады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі