Шортанды аудандық сотында БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Шортанды  аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша  брифинг өтті.

Сот төрағасы Қанат Бейсекеев, 2017 жылдың  6 айында 42 қылмыстық, 636 азаматтық және 357 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің қаралғанын атап өтті. 2016 жылдың 6 айымен салыстырғанда қаралған істердің саны 342 іске өскені байқалады.

Медиативтік келісіммен 5 қылмыстық, 9 азаматтық және 4 әкімшілік істер қаралды. Аудио және бейне тіркеу жүйесін қолданумен 98% сот істері қаралды.

Ағымдағы жылдың 6 айында «Сот кабинеті» сервисі арқылы  642 талап қою арыз (97,5%) және 338 әкімшілік іс (99,4 %) тіркелді.

Іс-шараның соңында сот төрағасы журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі