Сот діни мазмұндағы әдебиеттерді белгіленбеген орында таратқаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекшілдер аудандық сотында В. және М. азаматтарына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 490-бабы 1-бөлігінің 3-тармақшасы бойынша («Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу») екі әкімшілік іс қаралды.

Сотпен,  екі ер азамат Степняк қаласының  сауда үйлерінде  діни мазмұндағы әдебиеттерді таратқандығы   анықталған.

Сот қаулыларымен В. және М. азаматтар діни мазмұндағы әдебиеттерді белгіленбеген орында таратқандары үшін кінәлі деп танылып, оларға  айыппұл түрінде  әкімшілік  жазалар  тағайындалды. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі