Сот ерлі-зайыптыларды татуластырып, медиативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Аршалы аудандық сотында некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында ерлі-зайыптылардан кәсіби емес медиатордың қатысуымен жасасқан медиативтік келісім түсті. Келісімге сәйкес, жұбайы зайбымен одан әрі бейбіт және келісімде бірлесіп өмір сүруге міндеттенді, ал зайыбы жауапкермен татуласып, талап арыздан бас тартады.

Сот ұйғарымымен ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты медиативтік келісім бекітілді. Іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі