Сот Қазақстан Республикасының көші –қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақкөл аудандық сотында Өзбекістан азаматына қатысты әкімшілік іс  қаралды. 

Сотпен, Өзбекістан азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келіп, 24.05.2017 жылға дейін уақытша тіркелген, бірақ тіркеу мерзімі аяқталған соң Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кетпегені   анықталды. Осы әрекетімен Өзбекістан азаматы Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Сот қаулысымен Өзбекістан азаматы Әкімшілік құқық бұзышылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның  Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі