Сот кәмелетке толмағанды арнайы мектепке орналастыру туралы ішкі істер бөлімінің өтінішін қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарылық сотымен «Бурабай ауданының Ішкі істер бөлімінің» кәмелетке толмаған К-ны Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі» КММ-не жіберу туралы арызы қаралды.

Сотпен кәмелетке толмаған К-ны Тараз қаласындағы арнайы мектепке 6 айға жіберу туралы шешім шығарылды. Арнайы мектепке жіберудің себебі кәмелетке толмағанның әкімшілік шаралар қолдануға әкеп соғатын құқықбұзушылықтар жасауы және орта білім алудан әдейі жалтаруы негіз  болды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі