Сот қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны  үшін азамат Л-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  анықталғандай,  азамат Л.  қоғамдық жерде бола тұра,темекінің тұқылын колледж жатаханасынның ауласына лақтырып, айналаны ластаған. Осы әрекетімен азамат Л.  айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот қаулысымен азамат Л. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы  Кодексінің 434-бабының 1-тармағына сәйкес («Ұсақ бұзақылық») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі