Сот көрнеу жалған айғақтар бергені үшін азамат Е-ні кінәлі деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атбасар аудандық сотында көрнеу жалған айғақтар бергені үшін азамат Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта куәгер ретінде сұралған азамат Е-нің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420-бабы бойынша көрнеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы туралы ескерткеніне қарамастан, азамат О-ға жол-көлік апаты бойынша қылмыстық жауаптылықты болдырмау үшін көрнеу жалған айғақтар бергендігі анықталды.

Сот үкімімен азамат Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып («Сотта не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куәнің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғақтары не сарапшының, маманның қорытындылары»), оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі