Сот шешімімен азаматтардың мүліктік құқықтары қалпына келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атбасар аудандық сотында «Атбасар Су» ШЖҚ МКК-нен жертөлені су басуына байланысты материалдық залады және моралдық зиянды өндіру туралы Ж. ерлі-зайыптылардың талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағандай, кәріс құбырынан жертөлені су басу нәтижесінде Ж. ерлі-зайыптыларға тиесілі заттар мен мүліктер бүлінген. Жертөлені су басуы жауапкердің кінәсінен болған.

Атбасар аудандық сотының шешімімен жауапкер «Атбасар Су» ШЖҚ МКК-нен Ж. ерлі-зайыптылардың пайдасына жертөлені су басуынан болған мүліктік залалдың соммасы өндірілді. 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі