Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат С. әкімдік селолық ғимаратының алдында темекі тұқылын тастап, ортақ пайдалану орынды  ластаған және айналасындағыларға сыйламаушылық білдірді.

Сот қаулысымен Ерейментау ауданының тұрғыны  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде («Ұсақ бұзақылық») көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі