Степногорск қалалық сотында жалақыны өндіріп алу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Степногорск қалалық сотында «Умай Балу» ЖШС-нен 2014 жылдың қарашасынан 2016 жылдың мамыр айына дейін берешек жалақыны өндіріп алу туралы азамат К-ның талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында талапкер мен жауапкер медиативтік келісім жасады.

Сот ұйғарымымен талапкер мен жауапкер арасында медиативтік келісім бекітілді. Келісімге сәйкес, жауапкер «Умай Балу» ЖШС-і берешек жалақыны 2017 жылдың 10 шілдесіне дейін төлеуге міндеттенеді, ал талапкер талап-арыздан бас тартады.

Жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі