Тағылымдамадан өту туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық соты төрағасының 2017 жылғы  3-шілдедегі № 1199-17-7-4/86 өкіміне сәйкес, машықтанушы-кандидат  Қазбек  Дәулетұлы Сағадиев  2017 жылдың 10-шілдесінен бастап тағылымдамадан өтуге жіберілді. 

Тағылымдама мерзімі 1 жылға белгіленіп, оның 8 айы 2017 жылғы  10-шілде мен  2018 жылғы 9-наурыз  аралығында Көкшетау қалалық сотында, 1 айы 12-наурыз бен 10-сәуір аралығында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында, 1 айы 11-сәуір мен 11-мамыр аралығында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, 1 айы 14-мамыр мен 8-маусым аралығында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында, соңғы 1 айы 11-маусым мен 10-шілде аралығында Ақмола облыстық сотында өтуі қарастырылды.

 

Ақмола облысы бойынша

соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімі