1170 тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бурабай аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында 1303 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қаралған, онын ішінде 1170 тұлға келесі әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған:

-  37 тұлғаға ескерту жасалды;

-  374 тұлғаға әкiмшiлiк айыппұл салынды;

-  373 тұлға әкімшілік қамаққа алынды;

-  329 тұлғаға арнайы құқықтан айыру жазалары  тағайындалды;

-  шетелдікті немесе азаматтығы жоқ 57 тұлға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді.

Кәмелетке толмаған 5 тұлғаға қатысты тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайларына байланысты 128 құқық бұзушылар әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылған.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі