2017 жылдың басынын 343 көлік жүргізушіге қатысты әкімшілік істер қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Бурабай аудандық сотында 2017 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 343 әкімшілік іс қаралған.

Сот анықтауы бойынша құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Жол жүру Ережесінің 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде көлік құралдарын жүргізген. Яғни бұл іс-әрекетімен көлік жүргізушілер жол қозғалысына қауіп төндірген.

Бурабай аудандық сотының қаулыларымен 343 құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 301 азамат 3 жылдан 6 жылға дейін мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған,  39 азамат қамауға алынды, 3 азаматқа әкімшілік айыппұл салу жазалары  қолданылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі