Ақкөл аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақкөл аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

 Сот анықтағандай, азамат А. сот отырысына алкогольдік масаң күйде келген. Азамат А. өзінің әрекетімен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен және оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

 Сот қаулысымен азамат А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен («Сотты құрметтемеушілік») құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі