Ақмола облысы соттарында істер медиативтік келісім бекітумен және тараптардың татуласуымен қаралуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер тараптардың татуласуымен және медиативтік келісім жасауымен  қаралуда.   

Мысалға,  2017 жылдың 1 жартыжылдық ішінде Бурабай аудандық сотында 50 азаматтық және 13 қылмыстық іс  медиация тәртібімен қаралды.

Аршалы аудандық сотында әкелік фактісін анықтау және алимент өндіру  туралы  азаматтық іс  медиативтік келісім жасауымен  қаралды.

Атбасар аудандық сотында   отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасаған азаматқа қатысты  әкімшілік іс тараптардың татуласуымен қаралды.

Есіл аудандық сотында  берешекті және  моральдық зиян өндіріп алу туралы  азаматтық іс  медиативтік келісім жасауымен қаралды.

Ерейментау аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық іс медиативтік келісім жасауымен  қаралды.

Жарқайын аудандық сотында  денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені  үшін  азаматша З-ға қатысты қылмыстық іс медиативтік келісім жасауымен қаралды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі