Ақмола облысы соттарында істер татуластыру рәсімдерін қолданумен қаралуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиация институты мен татуластыру келісімдері белсенді түрде қолдануда.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес,  сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Мысалға,  Целиноград аудандық сотында  2017 жылдың 6 айында 23 азаматтық іс медиация тәртібімен қаралып, 7 азаматтық іс судья-медиатордың қатысуымен қаралды.

Атбасар аудандық сотында медиацияны қолдануымен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы әкімшілік іс және адамның денсаулығына ауыр зиян келтіргені туралы қылмыстық іс  кәсіби медиатордың қатысуымен қаралды.

Жақсы аудандық сотында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып соғу туралы 2 әкімшілік іс  кәсіби емес медиатордың қатысуымен қаралды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі