Ақмола облысында жаңа судьялар тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Облыстық соттың судьялар кеңесінде Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров жаңа тағайындалған судьяларды таныстырды.

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 551 Жарлығымен Есіл аудандық сотының судья қызметіне Саян Жылқайдаров, Көкшетау қалалық сотының судья қызметіне Сержан Қожамұратов тағайындалды.

Облыстық соттың төрағасы тағайындалған судьяларды құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Сондай-ақ, сот төрелігін сапалы іске асырып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге тапсырма берді. Облыстық соттың төрағасы Есіл ауданының, Көкшетау қалалық сотының төрағаларына және Соттар әкімшісіне жаңа тағайындалған судьяларға жұмысқа қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуге тапсырма берді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі