Ақмола обысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ашық есік күніне қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола обысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.Жарылғасов ХҚКО ғимаратында «Нұр Отан» партиясының Ақмола облысы «Жас Отан» жастар қанаты филиалымен өткізілген Ашық есік күніне қатысты.

Қала тұрғындарына Медиация тәртібімен дауды реттеудің тиімді жақтары, оның тараптар үшін ұтымды жақтары түсіндірілді. Сонымен қатар, судья, қазіргі уақытта медиация құқықтық қоғамда үлкен танымдылық алып жатқанын, сотқа дейінгі дауларды шешу рәсімін әлемнің алдынғы қатардағы 30 елі қолданып келе жатқанын және медиация болашақтын кепілі екендігін атап өтті.

Іс-шара аясында «Құрылысжинақбанкі» Ақмола филиалының өкілдері де қатысты.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі