Аршалы аудандық сотында «Қазақ тілі – ана тіліміз» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аршалы аудандық сотының төрағасы Бақытжан Нұрмағамбетов  және Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры  Руслан Маханов, орталықтың мемлекеттік тіл жөніндегі бас маманы Нұрхан Қуандық, судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақ тілі – ана тіліміз» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Бақытжан Нұрмағамбетов, сотқа мемлекеттік тілде түскен істерге статистикалық деректер келтіріп, Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» заңын түсіндірді. Төраға, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен «Біздің міндетіміз 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтардың санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс» - деген тапсырымасын ескертіп,  мемлекеттік тілде жүргізілетін істер санын арттыру мәселесіне жете назар аударып, шара қолдануын ұсынды.

«Дөңгелек үстел» соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі