Астрахан аудандық сотында «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-нің Астрахан аудандық бөлімшесі басшысының орынбасары мен маманына қатысты қылмыстық істер қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астрахан аудандық сотында «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-нің Астрахан аудандық бөлімшесі басшысының орынбасары мен келісім шарт негізінде қызмет етіп жүрген маманға қатысты алаяқтық жасағаны үшін айыптау бойынша қылмыстық істер қаралды.

Сот анықтағандай, «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-і басшысының орынбасары мен маманы, өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, жеке кәсіпкерді алдап, электрлік энергия есеп көрсеткіштерінің қателіктері үшін  жалған айыппұл негізінде айыппұл сомасын төмендету мәселесін шешу үшін 108 000 теңге көлемінде ақша алған.

Астрахан аудандық сотының қаулысымен жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтырып, онымен татуласуына байланысты, маманға қатысты қылмыстық іс өндіріспен тоқтатылды.

Сот үкімімен «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-і басшысының орынбасары Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен «Алаяқтық» жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен, 2 жыл мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару, қаржы мекемелерінде қызмет жасауға тыйым салынып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес сотталушы негізгі жазадан босатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі