Атбасар аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 43 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

2017 жылдың 9 айында Атбасар аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 43 әкімшілік іс қаралды.

Сотта, 15 азаматқа қатысты әкімшілік істер жәбірленушілердің құқық бұзушылармен татуласуына байланысты тоқтатылды, оның ішінде 9 іс медиация тәртібімен, ал 28 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабы бойынша («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») әкімшілік құық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 9 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, 19 азаматқа ескерту түрінде жаза тағайындалды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабына сәйкес, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер болып табылады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар