Атбасар аудандық сотының төрағасы «Медиация туралы заңды және татуластыру рәсімдерін қолдану», «Мемлекеттік тілді қолданудағы мәселелер» тақырыптармен семенар- кеңестер өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атбасар аудандық сотының төрағасы Бахыт Қонақбаев  Сергеевка, Ярославка, Ақан Құрманов және Шұңқұркөл ауылдық округтарында ауылдық округ әкімдерімен, медиаторлар, участковый инспекторлар және жергілікті тұрғындардың қатысуымен «Медиация туралы заңды және татуластыру рәсімдерін қолдану»,«Мемлекеттік тілді қолданудағы мәселелер» тақырыптарында семинар-кеңестер өткізді.

Сот төрағасы Бахыт Қонақбаев сот талқылауында тараптардың бітімгершілік рәсімдерін және мемлекеттік тілді іс жүзінде қолданудағы проблемалық мәселерін атап өтті.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі