Бұланды аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында әкімшілік істер бойынша 34 жекеше қаулылар шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 826-бабына сәйкес, заңдылықты бұзу жағдайлары айқындалған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған кезде судья жекеше қаулы шығарады. Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым жасалуға, наразылық келтіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Бұланды аудандық сотымен 2017 жылдың 9 айында қаралған әкімшілік істер бойынша анықталған заңдылықты бұзуды, сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы 34 жекеше қаулы шығарылған. 32 жекеше қаулының 26-сы ішкі істер органдарына, 8-і басқа мемлекеттік органдардың атына шығарылған.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі