Бурабай аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында 158 адамға қатысты қылмыстық істер қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 9 айында Бурабай аудандық сотында 158 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде 106 адамға келесі жаза түрлері тағайындалды. Атап айтқанда: 23 адам бас бостандығынан айырылды, 6 адам шартты түрде сотталды, 25 адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, 33 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды,11 адамға айыппұл тағайындалды. 8 адам «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қылмыстық жазадан босатылды.

42 қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қысқартылған, оның ішінде 34 қылмыстық іс медиация  жүргізу тәртібімен татуласу бойынша тоқтатылды.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі