Бурабай аудандық сотында сот шығындарын төлеу тәртібін талқылау бойынша «дөнгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бурабай аудандық сотында медиаторлар және адвокаттардың қатысуымен іс өндірісімен байланысты шығындар және мемлекеттік баждан тұратын сот шығындарын төлеу тәртібі мен мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босатудың негіздерін талқылау бойынша «дөнгелек үстел» өтті.

Судья Салтанат Қалиасқарова «дөнгелек үстел» жұмысын аша отырып, азаматтармен сотқа жүгіну барысында мемлекеттік баж салығын дұрыс төлеу азаматтық істерді қарау барысында  тараптар мен өкілдерге сот шығынын өтеудің маңызды бөлігі болып табылатындығын атап өтті.

«Дөнглек үстелге» қатысушылар азаматтық істердің барлық санаттарындағы мемлекеттік баж салығын төлеуде туындайтын мәселелері бойынша, сот шығындарын өндіріп алу, сонымен қатар, сотқа келуімен байланысты тараптар мен үшінші тұлғалардың жол шығындары, пәтер жалдаудың шығындарын бірізділікке келтіру мақсатында сот тәжірибесін талқылады.   

Сонымен қатар, азаматтық істердің кейбір санаттары бойынша талапкермен және жауапкер талап қою арызын беру барысында мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылғандығын және мемлекеттік баж салығын қайтарудың тәжірибесі талқыланды.

«Дөнгелек үстелге» қатысушылар заңнаманы дұрыс және бірегей қолдану мақсатында тиісті ұсыныстар енгізді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі