Целиноград аудандық сотында сот мамандары арасында «Үздік маман» байқауы өткізілуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Целиноград аудандық сотында 2017 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап сот мамандарының арасында «Үздік маман» байқауы өткізілуде. Аталған байқауды өткізудің мақсаты мамандардың білім деңгейін көтеру, жұмыс уақытын дұрыс әрі тиімді пайдалану болып табылады.

Аталған байқауға Целиноград аудандық сотының барлық 8 маманы қатысуда. 2017 жылдың тамыз айына Целиноград аудандық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы Марал  Алтынбекова үздік маман иегері болып танылды.

Сот төрағасы Т.Тұрғамбаев М.Алтынбекованы құттықтап, жемісті жұмыс, еңбек жолында жетістік тілеп, алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, «Үздік маман» жазуы бар ауыспалы Фемида кубогын табыс етті.  

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі