Еңбекшілдер аудандық соты 30 көлік жүргізушіні жол- көлiк оқиғасымен байланысты құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 5 айында Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотында көлік жүргiзушілерге қатысты жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзғаны үшін 30 әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 30 көлік жүргізуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы бойынша («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы») құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 14 құқық бұзушы көлік құралын басқару құқығынан айырылды, 3 құқық бұзушыға әкімшілік қамаққа алу және 13 құқық бұзушыға әкімшілік айыппұлды өндіріп алу түрінде жазалар тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі