Есіл аудандық сотында 51 азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер медиация тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Есіл аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында 31 азаматтық, 7 қылмыстық және 13 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды.

Барлық істерді қарау барысында медиацияны жүргізу қағидаттары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, жүргізу тәртібі, тілі мен негізгі шарттарын сақтаумен қаралды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 115-бабының 2-бөлігіне сәйкес «Тараптар бірінші, апелляциялық сатылардағы соттар бекіткен татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан кезде, төленген мемлекеттік баж толық көлемде бюджеттен қайтарылуға жатады». Сот процесінің тараптарына төленген баж сомасы қайтарылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі