Көкшетау қалалық сотында сотқа қатысушы тараптарға және электронды цифрлық қолтаңбалары жоқ азаматтарға, сот ғимаратында электронды цифрлық қолтаңба алу мүмкіндігі бар екені жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгінгі таңда, сот қызметінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану Қазақстан Республикасының соттарында басым бағыттардың бірі болып табылады.

Көкшетау қалалық сотында, сот төрағасы  Р.Шақуанов және сот қызметкерлері, сотқа қатысушы тараптарға электронды цифрлық қолтаңбалары жоқ азаматтарға, сот ғимаратында электронды цифрлық қолтаңба алу мүмкіндігі бар екені жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді. Азаматтардың уақытын үнемдеу мақсатында, сотына  талап арыз, апелляциялық шағым және басқа да өтінішхаттар беруде, Көкшетау  қалалық сотында азаматтарға арналған ғаламтор желісіне қосылған «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған» электронды цифрлық қолтаңбалары жоқ азаматтар үшін  алу мүмкіндігі жасалған.

Бұл үшін «Сот кабинеті» сервисінде стандартты тіркеуден өту, қолданушылық келісімге қол қою және сотқа электрондық құжат нысанында құжаттарды беру туралы ұсынымдарымен танысу қажет. Сервистің артықшылығы компьютер, интернет және электрондық цифрлық қолтаңба бола тұра, талап-арызды кез келген уақытта беру мүмкіндігінен тұрады.

Пилоттық жоба, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен 31 қазан аралығында асырылады, азаматтарға сот ғимаратында «Азаматтарға арналған үкімет» халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен электрондық цифрлық қолтаңбаны беру бойынша мемлекеттік қызметін көрсетуді көздейді. Азаматтар сотта тікелей электрондық цифрлық қолтаңбаны алады, ол үшін сот ғимаратында тұрған халыққа қызмет көрсету орталығының (ҚКО) қызметкеріне жүгіну қажет. Қолтаңбаны алғаннан кейін өтініш берушіде сол кезде сот кеңсесі қызметкерінің көмегімен «Сот кабинеті» жүйесі арқылы өз апелляциялық шағымдарын немесе өзге де өтінішхаттарды сотқа жіберу, берілген шағымның қозғалысы, қаралуы, сот актілерімен танысуды, шағымдануды өзінің жеке кабинетінде қадағалауға мүмкіндік алады.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі