Көкшетау қалалық сотында судьяларымен сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкшетау қалалық сотының төрағасы Р.Шақуанов  судьялар мен сот приставтарының қатысуымен «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту» тақырыбында семинарлық сабақ өткізді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 119-бабына сәйкес, сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шараларын сот алдында теңдігі конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданады.

Семинарлық сабақта сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін, сотта белгіленген қағидаларды бұзған және сотқа құрметтемеушiлiк жасаған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселелері талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі