Қорғалжын аудандық соты және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қорғалжын аудандық сотының төрағасы Х.Кембаева және Қорғалжын ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Аманжолов дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының қолдануын кеңейту және жан-жақты дамыту туралы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Меморандум халықтың дауларды баламалы тәсілдермен шешу мәселелері бойынша құқықтық мәдениет деңгейін көтеру мақсатында қол қойылды.  

Меморандум дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының кеңейтуге, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға бағытталған» - деді Х.Кембаева. Ол меморандумның халық арасында бітімгершілік рәсімдерін таратуда өз септігін тигізетіндігіне сенім білдірді.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы аудандық соттың бастамасын қолдап, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін қосымша жағдай жасау мақсатында барлық бастамаларды қолдайтындығын жеткізді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі