Қорғалжын аудандық сотында балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін 6 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 5 айында Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотында балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзғаны үшін Қорғалжын селосы мен Астана қаласында тұратын 6 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот анықтағандай, 6 балық аулаушылар Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының ерекше қорғалатын аумағында заңсыз балық аулауды жүзеге асырған.

Сот қаулыларымен 6 балық аулаушылар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабының 3-бөлігі бойынша («Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын өрескел бұзу») кінәлі деп танылып, құқық бұзушылық жасаған заттары мен құралдарын тәркілеумен әр қайсысына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл өнідіріп алу түрінде  жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі