Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот актілерінің орындалуы мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік және жеке сот орындаушылары, мекеме қызметкерлерінің қатысуларымен сот актілерінің орындалуы мәселелерін талқылау  бойынша «дөңгелек үстел» өтті.   

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  төрағасы Бауыржан Баймурзин  «дөңгелек  үстелде» сот үкімін тиісті және уақытылы орындау- қылмыстық жазаның міндетті шарттарының бірі екенін атап өтті.

Кеңсе меңгерушісі Магдалина Біләлова өз баяндамасында«сот орындаушыларымен орындау сатысындағы сұрау хаттарға жауаптар уақытылы жолданбайды және атқару парақтары тиісті түрде ресімделмейді» -деп атап өтті. Сондай-ақ, сот отырысы хатшыларының  электрондық атқарушы парақтардың негізсіз қайтарылатын фактілері туралы баяндамалары тыңдалды.

Сонымен  қатар, «дөңгелек үстелге» қатысушылары апелляциялық шағымдардың және басқада құжаттардың  мекеме қызметкерлерімен ресімделуі туралы мәселелерін талқылады және  талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылдады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі