Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен соттарда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану туралы, алқабилердің қатысуымен сот талқылауы бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Біздің құқығымыз» қоғамдық қорының жетекшісі В.Шуль және «Вайнах» қоғамдық қордың басшысы Г. Яндиев «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

Кеңсе меңгерушісі М.Біләлова сот процесстерін алқабилердің қатысуымен жүргізу тәртібін, алдын-ала тыңдау өткізу ерекшіліктері, кандидаттардың тізімін қалыптастыру, гибридті элетроннық пошта арқылы хабарландыру жолдау туралы түсіндірді.

Сот мамандары қатысушыларға SMS- хабарламаларды жолдау, сотта аудио-бейне жазуды қолдану, «Сот кабинеті» ақпараттық сервисті пайдалану, «Call-орталығының» жұмысы туралы айтты.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі