Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекшілдер аудандық соты төрағасының  міндетін атқарушы Төлебек Жұмақаев және  Еңбекшілдер ауданының заң кеңесінің меңгерушісі Сара Ұстажанова   өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның  негізгі  мақсаты: азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаларын сақтау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, татуласу рәсімдерін жан-жақты дамыту бойынша өзара іс-қимылды нығайту, сот ісін жүргізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, судьялар мен адвокаттар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Меморандумға сәйкес, судьялар мен адвокаттар заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот төрелігінің қолжетімділігі мен азаматтарға жоғары кәсіби заңгерлік көмек көрсету мақсатында ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын болады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі