Сот денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін ер азаматқа мәжбүрлі еңбекке тартылумен бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бурабай аудандық соты өз танысының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiргені үшін азамат С-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат С. өзінің танысымен төбелес барысында, оған пышақпен бірнеше соққы жасап, қылмыс жасаған орнынан жасырынды.

Сотқа дейінгі істі қарау кезеңінде прокурор мен сотталушының арасында кінәсін мойындау туралы процестік келісім жасалынды.

Сот үкімімен азамат С. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жергілікті атқарушы органдарымен белгіленген орында бір жылда 100 сағат бойынша мәжбүрлі еңбекке тартылып, пробациялық бақылау орнатумен 4 жыл мерзімге  бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Жәбірленушінің емделуіне шығындалған қаражат өндіріп алынды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі