Сот тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарқайың аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, атап айтқанда қасақана денеге жеңіл зиян келтірген азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында жәбірленуші азамат А-мен татуласуына және оған қарсылығының жоқ болуына байланысты азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтату туралы өтінішхатты және жазбаша келісімді ұсынды. 

Сот қаулысымен азамат А-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 64-бабының 1-бөлігі («Әкiмшiлiк жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босату») тараптардың татуласуына байыланысты тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі